Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

4-09-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға тиісті сала басшылары мен мамандар да қатысып, көтерілген мәселелерді бірге талқылады.

Тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау бағытында өз өтініштерін жеткізді. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында жан-жақты түсініктеме берілді.

Аудан басшысы айтылған мәселелердің шешімін табу үшін тиісті жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Өтініш иелерінің сұрақтары бақылауға алынып, орындалу барысы қадағаланатын болды.

«Халықпен ашық диалог – біздің басты жұмыс қағидамыз. Әрбір тұрғынның үні естілуі тиіс», – деді Мейіржан Серікбосынұлы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив