Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
511 602.72 6.49

«Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» кітабының тұсаукесері өтті

4-08-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ел руханияты мен құқықтық мәдениет саласындағы маңызды шаралардың бірі – «Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Туындының авторы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының отставкадағы судьясы, заңгер, ҚР «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, бірнеше мемлекеттік марапаттың иегері Өмірсерік Сағындықұлы Қожабаев.

Бұл тың еңбек қазақ халқының дәстүрлі билік жүйесін, әділдік пен парасатқа негізделген дала заңын жаңа қырынан зерделейді. Автор Майқы биден бастап Абайға дейінгі кезеңдегі билер институтының эволюциясын, олардың шешендік өнері мен құқықтық ой-тұжырымдарын талдап, ұлттың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына қосқан үлесін жан-жақты ашады.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, кең аудиторияға арналған. Бұл еңбектің басты мақсаты – ұлттың тарихи зердесін жаңғыртып, заң мен адамгершілікті қатар ұстанған би-шешендер мектебінің құндылығын қазіргі қоғамға үлгі ету.

Тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері, әдебиет пен тарихқа қызығушы оқырмандар, кітапханашылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушылар еңбектің тарихи және тәрбиелік маңызына тоқталып, автордың халқымыздың құқықтық дәстүрін жаңғырту жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.

Салтанатты түрде өткен тұсаукесер соңында кітап ұлттық сана мен заңнамалық дәстүрдің сабақтастығын дәріптейтін, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар берер рухани құндылық ретінде бағаланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив