Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай ауданы – облыстағы толықтай интернетпен қамтылған алғашқы аудан

1-08-2025, 16:10 018.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан өмірінде маңызды оқиға орын алды – Абай ауданы облыстағы алғашқы 100 пайыз интернетпен қамтылған өңір атанды.

Бұл бастама облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды. Жоба аясында шалғай елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет тарту бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде Бөрілі ауылында Beeline ұялы байланыс операторының 4G интернет желісі іске қосылды.

Жаңа байланыс желісі ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне айтарлықтай жеңілдік әкеліп, білім беру, денсаулық сақтау, бизнес және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Интернеттің қолжетімді болуы әсіресе жастар мен оқушылар үшін үлкен мүмкіндік. Онлайн оқу, цифрлық білім беру платформалары мен қашықтан жұмыс істеу қызметтері енді ауданның кез келген тұрғынына қолжетімді болмақ.

Абай ауданында цифрландыру бағытындағы бұл жетістік – өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив