Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді талқылады

17-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға тиісті сала басшылары мен бөлім жетекшілері қатысып, тұрғындардың өтіністері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында азаматтар негізінен тұрғын үй және жайылымдық жер мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты шешу жолдары талқыланды.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы көтерілген мәселелердің барлығы ескерусіз қалмайтынын айтып, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар берілген тапсырмалардың орындалуы мен қабылдауда қозғалған мәселелердің нәтижесі өзінің тікелей бақылауында болатынын атап өтті.

Мұндай жеке қабылдаулардың негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті проблемаларын жедел шешу, билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайту және әр азаматтың пікіріне мән беру болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив