Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Архат жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

15-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның аясында аудандық маңызы бар Архат жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасын табады.

Өткен жылы бұл жолдың 1-10 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың сапасы айтарлықтай жақсарған болатын. Биыл аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, 11-15 шақырым аралығында жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Жобаға қажетті қаражат облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, облыстық бюджет есебінен бөлінді. Қазіргі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Бұл процесс аяқталған соң, жол жөндеу жұмыстары жақын арада басталады.

Архат бағытындағы жолдың жөнделуі аудан халқы үшін үлкен маңызға ие. Себебі бұл жол ауыл тұрғындарының аудан орталығымен қатынасын жеңілдетіп, жүк және жолаушы тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, Архат бағытындағы жол көлік қозғалысы үшін анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив