Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар бағытындағы жолда күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде

10-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол сапасын жақсарту мақсатында Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар бағытындағы автожолда жоспарлы күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары 100–144 шақырым аралығындағы учаскеде атқарылуда. Бұл бастама Көкбай және Құндызды ауылдық округтерінің тұрғындарының өтініштері негізінде қолға алынған. Жолды күтіп ұстау барысында қосымша 5000 шаршы метр көлемінде шұңқырларды жамау жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстарының басты мақсаты – жолдың сапасын арттырып, аудан мен ауылдар арасындағы көлік қатынасын жақсарту. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Күтім және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жолдың ұзақ мерзімді пайдалану мерзімін арттыруға бағытталған. Аталған жұмыстар толық аяқталған соң, бұл бағыттағы қозғалыс анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив