Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді тыңдады

3-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар өз өтініштері мен өзекті мәселелерін тікелей аудан басшысының назарына жеткізді.

Бұл жолғы жеке қабылдауда төрт тұрғын қатысып, негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек алу және тұрмыстық жағдайға байланысты мәселелерін айтты.

Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінісін мұқият тыңдап, олардың көтерген мәселелерін назарға алды. Әр сұрақ бойынша тиісті бөлім және сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғаларға орындалу мерзімдері белгіленді.

Мейіржан Серікбосынұлы тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысының маңызды екенін атап өтіп, олардың шешілу барысы жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

Мұндай жеке қабылдаулардың басты мақсаты — тұрғындар мен билік арасындағы ашық байланыс орнатып, азаматтардың тұрмыстық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік жасау.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері ауданның даму бағыттарын айқындауда және жергілікті билік жұмысының тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив