Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

2-07-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданы әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге Қарауылтөбеде жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарын аралап, мерейтой нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Бүгінде ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы аясында инфрақұрылым тарту және абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Қарауылтөбе аумағында қазіргі заман талабына сай инженерлік жүйелер жүргізіліп, мерекелік іс-шаралар өтетін аймақты толықтай дайын ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, арнайы техникалардың көмегімен су жүйесін тарту, электр қуатын күшейту және жаңарту, сондай-ақ жаңа жол салу жұмыстары қолға алынған. Бұл шаралар мерейтой кезінде келушілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар аудан әкімдігі тарапынан қазақ үйлер қалашығының тұғырлары бетоннан құйылып, мерекелік сәнге сай этноауылдың негізі қалануда.

Аудан басшысы Мейіржан Серікбосынұлы нысандарды аралау барысында әрбір істің сапасына ерекше мән беріп, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық жұмыстардың уақытылы әрі талапқа сай орындалуы әкімнің тікелей бақылауында.

Бұл ауқымды дайындықтар — ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге, сондай-ақ Қарауыл ауылын өңірдің мәдени және тарихи орталығына айналдыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив