Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданының оқушылары ХХVІ республикалық (халықаралық) «Абай оқуларында» жүлделі орындарға ие болды

21-06-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 18–21 маусым аралығында өткен ХХVІ республикалық (биыл алғаш рет халықаралық деңгейде) «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің және шет елдердің жас таланттары бас қосты.

Бұл маңызды мәдени-рухани шара — қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен көркем сөзге деген құрмет сезімін сіңіруге бағытталған.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Абай шығармалары арқылы ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық ізденіске баулу.

Республиканың түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген жас дарындар Абайдың әлеміне терең бойлап, өз білімдері мен өнерлерін паш етті. Осы додада Абай ауданының намысын қорғаған талапты оқушыларымыз да үздік нәтижелерге қол жеткізді:

  • «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша
    Көкбай атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жұмахунова ШырайлымІІІ орын, жетекшісі — Кариева Толқын;

  • «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша
    Жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Нұргелдіқызы ГүлминұрІІ орын, жетекшісі — Нұғыбаева Индира;

  • «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша
    М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Сыпатаева БағжанІІІ орын, жетекшісі — Шайқынабиев Оралхан;

  • «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша
    Шәкерім атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Омарғазина АдинаІІ орын, жетекшісі — Мұқанқызы Гүлжанат;

  • «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша
    М.Әуезов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Қуантқанова Сезімарнайы грамота, жетекшісі — Конакаева Жібек.

Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары, сондай-ақ күміс және қола медальдары табысталды. Сонымен бірге жас таланттарға бағалы сыйлықтар мен естелік марапаттар берілді.

Бұл жетістік – Абай елінің жас ұрпағының бойындағы өнер мен білімге деген талпыныстың айғағы. Аудан оқушыларының табыстары — ұстаздарының қажырлы еңбегі мен Абай руханиятына деген терең құрметтің көрінісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив