Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Семей қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өтуде

31-10-2025, 09:21 018.kz

2025 жылғы 31 қазанда Семей қаласында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығу өткізілуде.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес шартты түрде «қызыл» деңгейдегі террористік қауіп енгізілді. Оның мақсаты – мемлекеттік органдар мен жедел әрекет ету қызметтерінің өзара іс-қимылын, сондай-ақ осал нысандарда түрлі қауіп-қатер жағдайлары туындаған кезде әрекет ету тәртібін пысықтау болып табылады.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарына қару-жарақ, жарылғыш заттар мен өзге де қауіпті заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарының қозғалысын бақылауға және оларды тексеруге рұқсат етіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан тыныштық сақтап, қауіпсіздік шараларын орындауды және оқу-жаттығуға тартылған қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив