Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында Балалар күні кең көлемде аталып өтті

1-06-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаңасемей ауданында мерекелік көңіл-күй ерекше болды. Бұл күні ауданның барлық аумағында балаларға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге қуаныш сыйланды.

Мерекелік бағдарлама аясында концерттер, ойын-сауық сайыстары мен шығармашылық көріністер өтті. Мектептер мен балабақшалардың тәрбиеленушілері ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай өнерпаздардың жарқын күлкісі мен шаттыққа толы көңілдері мерекенің сәнін кіргізді.

Іс-шараға аудандық клуб пен кітапхана қызметкерлері де атсалысып, балаларға арналған танымдық ойындар мен әдеби бұрыштар ұйымдастырды.

Ата-аналар мен аудан тұрғындары бүлдіршіндердің қуанышын бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Осылайша, Балалар күні Жаңасемей ауданындағы әр отбасыға шаттық пен жылылық сыйлаған жарқын мерекеге айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив