Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Қала әкімі Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесті

3-11-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев Водный және Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын дөңгелек үстел форматында өтті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған су мәселесі, жолдардың жай-күйі, аялдамалар мен балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі, қоғамдық көлік қозғалысы мен көше жарығының жағдайына қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

«Сайлауалды бағдарламам кезінде сіздермен жүздесіп, көптеген мәселелерді бірге талқылаған едік. Бүгін сол кездесудің жалғасы іспеттес. Әр көтерілген мәселе назардан тыс қалмайды, нақты шешім қабылданады», – деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.

Кездесу соңында қала басшысы тұрғындардың барлық ұсыныстары мен өтініштерін жеке бақылауына алып, тиісті бөлім басшыларына және коммуналдық қызметтерге нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив