Абай облысының имамдары мерекелік медальмен марапатталды
Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірдің бірқатар дін қызметкерлерін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Аталған марапат – Діни басқарманың 35 жылдық мерейтойына орай, ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, қоғамның рухани дамуына үлес қосып жүрген дін қызметкерлерінің еңбегін бағалау мақсатында табысталды.
Салтанатты рәсімде Бас мүфти марапат иелерін құттықтап, олардың ел бірлігі мен рухани тұрақтылықты сақтаудағы, діни ағартушылық бағытындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Марапат иелерінің қатарында:
Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлы – Семей қалалық «Тінібай» мешітінің бас имамы
Идришев Даулет Гинаятұлы – Аягөз аудандық мешітінің наиб имамы
Сембаев Қайролла Базарбайұлы – Үржар ауданы, Егінсу ауылының имамы
Боранбаев Медигат Тұрсынбекұлы – Үржар ауданы, Бестерек ауылдық мешітінің имамы
Төлегенов Нұржан Төлеуғазыұлы – Үржар ауданы, Айтбай ауылдық мешітінің имамы
Оразбаев Алмас Қалиханұлы – Аягөз ауданы, Мәдениет ауылдық мешітінің имамы
Шаушиев Ерғазы Қасенғазыұлы – Аягөз ауданы, Ақшатау ауылдық мешітінің имамы
Тоқтарбаев Саят Мейрамханұлы – Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кентінің имамы
Байсенгиров Алтынбек Қожахметұлы – Ақсуат ауданы, Жәнтікей ауылының имамы
Жортымов Айдын Құсманұлы – Ақсуат аудандық мешітінің наиб имамы
Нұржакипов Серікқали Бейсенұлы – Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінің бас имамы
Ахметқалиев Кенжебек Қалиақпарұлы – Көкпекті ауданының бас имамы
Сасенов Серікжан Аманұлы – Бесқарағай ауданының бас имамы
Әкімбатчаев Әріпжан Қожанұлы – Бородулиха ауданының бас имамы
Итчанов Нұрзат Қасымұлы – Үржар ауылдық мешітінің бас имамы