Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.73 546.57 6.19

Семейде арық жүйелерін тазалау жұмыстары жалғасуда

24-11-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев көшпелі кеңес кезінде арық жүйелерін тексерді. Әкім мамандардан атқарылған іс-шаралардың егжей-тегжейін сұрап, арық арналарының су өткізу қабілетін қалпына келтіру бойынша жоспарды нақтылады.

Бұған дейін де шаһар басшысы арық жүйелерін аралап, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырған болатын. Әкім тазалық пен тәртіптің маусымдық емес, тұрақты түрде жүргізілуі керектігін ерекше атап өтті.

«Арықтарды дер кезінде тазалау – қаланың су басу қаупін азайтып, көшелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір метр маңызды, себебі бұл жұмыстар қаламыздың жалпы санитарлық жағдайына тікелей әсер етеді», - деді Әділет Қожанбаев.

Қазіргі таңда қала аумағындағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырымды құрайды. Тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив