Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейлік зияткер Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды

25-11-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада өткен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVIII Президенттік олимпиадада Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Нұрәли Байботаев қола медаль жеңіп алды. 

Білім бәйгесіне еліміздің барлық өңірінен 11-12 сыныптың 201 оқушысы бақ сынаған. Олар өңірлік, іріктеу және финалдық кезеңдерде теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін күрделі тапсырмаларды орындады.

Республикалық додада Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. NIS желісінен қатысқан 18 оқушының 15-і жүлдегер атанды. 

Олимпиаданың ерекшелігі – қатысушылардың төрт пәннен бір уақытта білімдерін көрсетуінде. Олимпиада ережесіне сәйкес, қатысушылардың 25%-ы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив