Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.68 600.27 6.58

Абай облысында «Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы өтті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтіп, жыл бойы белсенді жұмысымен көзге түскен жас азаматтар марапатталды.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысып, облыс әкімі Берік Уәлидің құттықтауын жеткізді. Форум аясында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы бойынша үздіктер анықталды.

Марапат иелері:

  • «Үздік жастар ресурстық орталығы» – Бесқарағай аудандық Жастар ресурстық орталығы.
    Сондай-ақ Семей қаласы мен Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталықтарына арнайы сыйлықтар табысталды.

  • «Үздік көшбасшы» – Шәкәрім университетінің студенті Нұрасыл Елубаев және Көкпекті ауданының белсендісі Назым Келербекова.

  • «Үздік жас еңбек адамы» – Семей цемент зауытының 5-разрядты слесарі Төлеген Ақтаев;
    ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының Сутекті энергетика орталығының техник-лаборанты Оспан Өкен.

  • «Үздік жас волонтер» – «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы Айым Рысбек, №37 гимназия оқушысы Еділ Төкен, Д.Қалматаев атындағы медицина колледжінің студенті, медициналық волонтер Айгерім Төлеубекова.

  • «Үздік жас отбасы» – Жарма ауданынан Енсеновтар жанұясы.

Форум концерттік бағдарламаға ұласып, жастар сүйіп тыңдайтын өнерпаздар сахнада өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив