Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Ұлттық тілге құрметті арттыруға бағытталған диктант жазу шарасы өтті

3-12-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік тілді дәріптеу және халықтың тілдік сауаттылығын көтеру мақсатында қала әкімдігінде «Ұлттық диктант» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қала әкімінің аппарат басшысы Еркен Беркенов қызметкерлерге сауаттылықты арттыру жөнінде атап өтті.

Шара барысында қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мақаласынан үзіндіні жазып шықты.

Диктант аяқталған соң, қатысушылар экран арқылы көрсетілген түпнұсқамен өз мәтіндерін салыстырып, жіберілген қателерді өздері тексеріп түзетті. Ұйымдастырушылар жазба жұмыстарын жинап алып, оларды жалпы талдау мен қорытынды жасау үшін қолданатынын айтты. Сондай-ақ, шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, қазақ тілінің өркендеуі әр азаматтың азаматтық борышы екені ерекше атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив