Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

Семейлік ұстаздың авторлық бағдарламасы үздік деп танылды

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы қаласында 4-5 желтоқсан күндері педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және білім сапасын арттыру мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы өтті.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сымбат Мажиков «Критикалық ойлау және NUET емтихандарына тапсырмаларды шешу» атты авторлық бағдарламасымен жүлделі II орын иеленді. 

Ұстазымыз ұсынған бағдарлама еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына, оның ішінде Назарбаев Университетіне дайындауға бағытталған. Курс аясында оқушылар ақпаратты талдау, логикалық тұрғыда сыни ойлау мен күрделі тапсырмаларды тиімді шешу сынды маңызды зияткерлік дағдыларды дамытады. Бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, Семейдегі Білім-Инновация лицей-интернаты мен Экономикалық лицейде  апробациядан өткен.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық-практикалық орталығы ұйымдастырған конкурсқа педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болған 200-ден астам маман қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив