Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде татар қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығы кең ауқымда аталып өтті

10-12-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында Абай облысындағы татар қоғамдық бірлестігінің 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерейлі мерекеге Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Татарстаннан арнайы келген делегация мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиын қатысушылары алдымен Абай театрының фойесінде орналастырылған татар мәдени бірлестігінің көрмесін тамашалады. Көрме қонақтарға татар халқының тарихы, өнері мен салт-дәстүрінен сыр шертетін құнды дүниелерді ұсынылды.

Салтанатты басқосуда облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы атынан құттықтауын жеткізіп, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің төрағасы Данис Шакиров Абай облысы әкімдігіне көрсеткен жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, қазақ–татар арасындағы достық пен мәдени байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Мерекелік шара өнерпаздардың мазмұнды концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив