Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.38 612.6 6.54

Семей қаласының үздік жастары марапатталды

12-12-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында қала әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» жыл сайынғы сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиында жастарды Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы марапаттады.

Іс-шара барысында қала әкімі жастарға арнаған құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деген сөзін атап өтті.

Бұл – жай ғана ұран емес, әрбір жасқа жүктелген үлкен жауапкершілік. Сіздердің жігерлі еңбектеріңіз, тың идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз еліміздің ертеңін айқындайды. Бүгін «Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына ие болып отырған азаматтар – көпке үлгі, жас ұрпаққа жол көрсететін тұлғалар. Сіздердің еңбектеріңіз қаламыздың ғана емес, тұтас ел дамуының маңызды бөлігі, – деді Әділет Нұрсағатұлы.

Аталған сыйлыққа 16 мен 35 жас аралығындағы белсенді жастар қатысты. Нәтижесінде 10 номинация бойынша үздіктер анықталды:

  • Жылдың «Үздік студенті» – Рахметжанова Шынар Ерболқызы;

  • «Бүгінгі күннің батыры» – Амантаев Темірлан Серікқалиұлы;

  • Жылдың «Ізгі істер иесі» – Жунисбекова Перизат Ержанқызы;

  • Жылдың «Медиа маманы» – Бутина Маргарита, Кенжебеков Ерасыл Ардақұлы;

  • Жылдың «Жас мемлекеттік қызметкері» – Саркучиков Ербол Нұрболатұлы;

  • Жылдың «Жас спортшысы» – Тоқтар Дина Миратқызы, Гилимбекова Амина Айдарқызы;

  • Жылдың «Үздік дәрігері» – Аманғалиева Гүлдана Манатбекқызы;

  • «Білім және ғылым саласының үздік жас маманы» – Тұрысбекова Бинұр Ахатқызы;

  • Жылдың «Жас еңбек адамы» – Сейтбеков Елдос Айдынбекұлы, Баймурзаев Еркін Батырғазыұлы;

  • Жылдың «IT маманы» – Нестеренко Павел Павлович.

Салтанатты жиын барысында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ел дамуына қосып жүрген үлестері ерекше аталып өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив