Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

15-12-2025, 12:46 018.kz

Ерназар ауылдық округіне қарасты «Морозов» орман шаруашылығы мен Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылында 4G мобильді интернет желісі қолданысқа берілді.

Жалпы саны 550-ге жуық тұрғыны бар бұл елді мекендер үшін жаңа инфрақұрылымның маңызы зор. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, интернеттің әлеуметтік және экономикалық салаларға оң ықпал ететінін атап өтті.

4G желісінің қосылуы әсіресе орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және тиімділікті арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бұл қадам ауданның шалғай аумақтарындағы байланыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.

Жыл соңына дейін Аягөз ауданындағы Емелтау мен Қарағаш, Ақсуат ауданындағы Қызылкесік, Кіндікті және Үштөбе, сондай-ақ Жарма ауданындағы Жарық ауылдарын интернет желісіне қосу жоспарланған.

Жалпы, жыл басынан бері Абай ауданындағы Бөрілі елді мекені мен Жидебай қорығында антенна-діңгек құрылымы орнатылып, «КаР-Тел» ЖШС (Beeline) тарапынан сапалы интернет іске қосылды. Сонымен қатар, Абай облысында халық аз қоныстанған 26 ауыл «OneWeb» спутниктік технологиясы арқылы 50 Мбит/сек жылдамдықтағы интернетпен қамтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив