Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

25-12-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Азаматтарды қабылдау орталығында және облыстық «AMANAT» партиясының филиалында тұрғындарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға 15 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, абаттандыру, ауыз су, жарықтандыру, жол және әлеуметтік көмекке қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Қабылдауға дербес бөлімдердің және коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Тәнірберген көшесі, 1 мекенжайындағы №112 кабинетке немесе Достоевский көшесі, 110 мекенжайындағы №7 кабинетке барып, өтініш қалдыру қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив