Семей қаласының әкімі «Спартак» стадионының жай-күймен танысты
Сәуір айында «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді.
Осыған орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Спартак» стадионына барып, стадионның жай-күйін тексерді.
Тексеру жұмыстарына стадион басшысы Е. Көбелдесов, Спорт басқармасының бастығы Ержан Абылқасымов, спорт бөлімінің жетекшсі Бауыржан Дүйсенбаев қатысты.
«Күн жылынғандықтан, футбол ойыны ашық стадионда өтеді. «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін алғашқы ойыны сәуір айында өтеді деп күтілуде. Оған Қазақстанның әр түкпірінен көрермендер келуі мүмкін. Сондықтан стадионнның іші-сыртын жөндеуді тапсырамын. Ойын алаңын көгалдандыру керек»,- деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.
1966 жылы ашылған «Спартак» стадионының көрермен сыйымдылығы - 8000 адам.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіЕлімай: Бірінші лига ойындарының 2023 жылғы күнтізбесі жарияландыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ