Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында «Үлгілі ауыл» аудандық байқауының жеңімпаздары анықталды

13-08-2025, 10:37 018.kz

Биылғы жаздың басында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көкпекті ауданында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Үлгілі ауыл» аудандық байқауы жарияланған болатын.

Маусым айында аудан әкімінің өкімімен байқаудың ережесі мен бағалау жүргізетін жұмыс тобы бекітіліп, арнайы құрылған топ барлық ауылдық округтерді аралап, келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізді:

  • отырғызылған көшеттер саны және олардың күтімі;

  • мекеме, дүкен, тұрғын үйлер мен қоршаулардың көрінісі, түнгі жарықтандыру;

  • жолдардың сапасы және көше тазалығы;

  • көшелердің жарықтандырылуы;

  • шағын архитектуралық нысандар мен демалыс алаңдарының жағдайы;

  • қоқыс полигондары мен тұрмыстық қалдықтарды шығару тәртібі;

  • көше бойындағы бағаналар мен үгіт-насихат материалдарының жай-күйі.

Айта кетейік, биылғы жылы байқауға Көкпекті ауылдық округі қатыстырылған жоқ.

Бүгін аудандық жұмыс тобының мүшесі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы байқау қорытындысын ұсынды, ал аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы үздік ауылдарды марапаттап, жеңімпаздардың еңбегін жоғары бағалады.

🏆 Жеңімпаздар:
1️⃣ Теректі ауылдық округі – 20 млн теңге
2️⃣ Тассай ауылдық округі – 10 млн теңге
3️⃣ Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі – 5 млн теңге

Аталған байқау алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өткізіліп, 2026 жылдан бастап жаңа номинациялар енгізіледі: «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» және «Үлгілі мекеме». Бұл шара аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға шақыратын маңызды бастама болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив