Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қысқы және су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Биғаш ауылына жұмыс сапары ұйымдастырылды

22-08-2025, 11:15 Думан Кенжеғазыұлы

Қысқы және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары шеңберінде Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Биғаш ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аудан әкімі Көкпекті–Биғаш бағытындағы аудандық маңызы бар автокөлік жолымен танысты. Аймақ бойынша жалпы 7 су өткізу арнасы бар, оның 5-і ондаған жылдар бойы күрделі жөндеуді қажет етіп келген. Бұл жол ауыл тұрғындары үшін маңызды екенін ескере отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жағдайды жан-жақты зерделеп, алдағы уақытта облыстық қаржыландыруға құжаттар дайындайды. Қазіргі таңда коммуналдық шаруашылық күштерімен жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақауы бар учаскелер арнайы ленталармен белгіленіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін ескерту шаралары қарастырылатын болады.

Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап, қысқы және тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив