Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауылында “Таза Қазақстан” акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

11-10-2025, 14:21 018.kz

Бүгін Көкпекті ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Көкпекті – тазалық мекені” атты кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара ауыл тұрғындарын, ұйымдар мен мекемелерді бірлесе әрекет етуге шақырып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған маңызды бастама болды.

Іс-шараға аудан орталығындағы барлық мекемелер мен ауыл тұрғындары белсене атсалысып, өз күш-жігерін біріктірді. Сенбілік барысында:

  • 2 саябақ,

  • 3 балалар ойын алаңы

тазартылып, барлығы 65 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 7 бірлік техника жұмылдырылып, 2 мыңға жуық адам қатысты.

Аудан тұрғындарының ұйымшылдығы мен белсенділігі арқасында ауыл аумағы тазарып қана қоймай, көркейе түсті, қоғамдық орындар мен ойын алаңдары жас балалар мен тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдайға ие болды.

Бұл сенбілік “Таза орта – таза қоғам!” қағидатын ұстанған көкпектіліктердің табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесінің нақты көрінісі болды.

Аталмыш іс-шара жергілікті қоғам мен тұрғындардың бірігіп әрекет ету мәдениетін қалыптастыру, жастар мен балаларды экологиялық тәрбиеге баулу және ауылдың көркеюіне атсалысу мақсатындағы маңызды бастама ретінде жоғары бағаланды.

Қатысушылар сенбіліктен алған әсерлерін бөлісіп, табиғатқа қамқорлық көрсету – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Осындай бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да Көкпекті ауылын таза, қауіпсіз және жайлы мекен етуге бағытталған тұрақты дәстүрге айналмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив