“ТазаLike” сенбілігі – таза ортаны бірге қалыптастырайық!
Бүгін Көкпекті ауданының барлық елді мекендерінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “ТазаLike” атты кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара тұрғындарды, мекеме қызметкерлерін және жастар ұйымдарының белсенділерін бірлесе әрекет етуге, табиғатты қорғауға және ауылдардың көркеюіне тартуға бағытталған.
Сенбілікке аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар ұйымдарының белсенділері белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында:
-
4 саябақ,
-
6 балалар ойын алаңы
тазартылып, барлығы 147 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 11 бірлік техника жұмылдырылып, шамамен 2 мың адам белсенді түрде қатысты.
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамның табиғатқа деген назарын арттыру, ауылдық елді мекендердің көркін жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаны қорғауға атсалысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Аудан тұрғындары сенбілік барысында табиғатқа қамқорлық көрсету – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. “ТазаLike – табиғатқа деген сүйіспеншілік!” ұраны тұрғындар үшін экологиялық тәрбие мен қоғамдық жауапкершілікті насихаттаудың маңызды символына айналды.
Осындай бірлескен іс-шаралар Көкпекті ауданының таза, жайлы және қауіпсіз ортасын қалыптастыруға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және жас ұрпаққа табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттауға үлес қосады.