Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Көкпекті ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті

18-10-2025, 12:03 018.kz

18 қазан күні Көкпекті ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданның барлық ауылдық округтерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерін ұсыну мақсатында әртүрлі тауарлар қойылды. Сауда сөрелерінде 600 кг сиыр еті, 200 кг жылқы еті, балық, сүт және сүт өнімдері, бал, жұмыртқа, сондай-ақ сәбіз, қырыққабат, қызылша сияқты көкөністер ұсынылды. Барлық өнімдер тұрғындар үшін қолайлы бағамен сатылды.

Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға арзан әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді, ал ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар өз еңбегінің жемісін өткізіп, табыс табуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, іс-шара ауылдағы азық-түлік нарығын тұрақтандыруға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттауға ықпал етеді.

Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған бұл жәрмеңке тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы тығыз байланыс пен өзара тиімді тәжірибені дамытуға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив