Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында ұлттық ойындар бойынша мектеп лигасының аудандық жарысы өтті

25-11-2025, 15:17 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 19 қарашасында Көкпекті ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында аудандық жарыс өткізілді. Іс-шараға қыздар арасында бес тас, ұлдар арасында асық ату ойындары енгізілді.

Жарысқа 5–6, 7–8, 9–11 сынып оқушыларынан құралған 26 команда қатысты. Барлық бәсекелер жоғары деңгейде өтіп, оқушылар ұлттық ойындар арқылы өз ептіліктерін, шапшаңдықтарын және командалық рухтарын көрсетті.

Бес тас ойынының нәтижелері (қыздар)

5–6 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Шәріптоғай негізгі мектебі

  • ІІІ орын — Романовка негізгі мектебі

7–8 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Шәріптоғай негізгі мектебі

  • ІІІ орын — Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі

9–11 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

  • ІІІ орын — Үлкенбөкен орта мектебі

Асық ату нәтижелері (ұлдар)

5–6 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Шәріптоғай негізгі мектебі

  • ІІІ орын — Романовка негізгі мектебі

7–8 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Пушкин орта мектебі

  • ІІІ орын — М. Әуезов атындағы орта мектебі

9–11 сыныптар

  • І орын — І. Жансүгіров атындағы орта мектебі

  • ІІ орын — Пушкин орта мектебі

  • ІІІ орын — Преображенка орта мектебі

Марапаттау және келесі кезең

Барлық жүлдегер командалар аудандық білім бөлімінің грамоталары мен медальдарымен марапатталды. Ал жеңімпаз мектептер облыстық кезеңде Көкпекті ауданының намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Бұл жарыс ұлттық ойындарды дәріптеу, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық ынтымақтастықты арттыру бағытындағы маңызды іс-шара болып саналады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив