Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Аягөз ауданында 2007-2008 жылы туған ұлдар арасында шағын футбол жарысы өтті

13-05-2023, 12:51 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 12 мамыр күні аудандық білім бөлімі, аудандық  білім бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруларымен 2007-2008 жылы туған ұлдар арасында ұлағатты ұстаз, спорт ардагері Н. Шалов атындағы шағын футбол жарысының ақтық ойындары Қарағаш ауылында өтті. Жарысты өткізуге мектеп директоры Ә. Балтабеков бастаған ұжым тыңғылықты дайындалып, жоғарғы дәрежеде өткізді.

Жарыстың мақсаты: аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау, аудан көлеміндегі тұлғаларды дәріптеу, оқушылар арасында достықты нығайту.

Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев және осы жарыс иелерінің атынан Айдар Жұманұлы ізгі тілектерін білдірді. Ақтық ойындарға аудандық іріктеу жарысынан мүдірмей өтіп келген командаларға сәттілік тіледі. Жиыны 26 мектептен 200-ден астам оқушылар қатысқан дүбірлі дода болды. Мектеп оқушылары спорт биін және әнді әдемі орындап, көрермендерге, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыс біткен соң, қатым түсірілді.

Нурлан Мейірбекұлы еңбек жолын Ж. Жабаев атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастады. Өзінің жұмысқа деген ынтасының арқасында лауазымдық қызметтерде жұмысын жалғастырды, аудандық білім бөлімінің басшысы,аудандық дене шынықтыру дәне спорт бөлімінің басшысы, Қарағаш ауылдық окуругінің әкімі, өмірінің соңында Ақши ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Сол кезде бой көтерген Ақши орта мектебінің салынуына еңбегі орасан зор болды. Волейбол, футбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлерін өзі де жақсы меңгерен болатын.

Жарысқа келетін болсақ, жарыс жоғарғы дәрежеде өтті. Ақтық ойындарға №5 орта мектебінің, Ақши орта мектебінің, С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің және алаң иелері Ж. Жабаев атындағы орта мектебінің командалары шығып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ: І орынды №5 орта мектебінің командасы, ІІ орынды Ж. Жабаев атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды  С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленді. Төрешілер шешімімен «Үздік қақпашы» - Кажыбеков Керейхан (№5 орта мектеп), «Үздік шабуылшы» - Қажыкереев Жалғас (С. Ғаббасов атындағы орта мектеп), «Үздік қорғаушы» - Құмарханов Нуррахым (№5 орта мектеп), «Ең үздік ойыншы» - Серікхан Орал (Ж. Жабаев атындағы орта мектеп), «Үздік ойын көрсеткені үшін» - Мұқантай Азамат (Ж. Жабаев атындағы орта мектеп), Балтабеков Нуралы (Ж.Жабаев атындағы орта мектеп) болып шешілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және үздік ойыншылар жарыстың демеушілері - Н. Шалов әуелетінің көмегімен алынған кубоктармен, медальдармен, бағалы сыйлықтарымен, аудан әкімінің орынбасары Н. Көпжасаровтың мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыстың төрешілері де бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ардагерлер алқасының төрағасы А. Жумағазин  өз атынан Шаловтар отбасына және Ж. Жабаев атындағы орта мектебіне аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихатағандары үшін алғыс хат пен кубок табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив