Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары талқыланды

2-12-2025, 11:27 018.kz

Көкпекті ауданы әкімдігінің аппараты ұйымдастыруымен әдеп жөніндегі уәкіл, әкімнің аппараты басшысы Дархан Дюсембаев ауылдық округ әкімдерімен жиналыс өткізді.

Отырыс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды. Дархан Бердібекұлы қатысушыларға мемлекеттік қызметте этика мен әдеп қағидаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, қызмет барысында азаматтармен қарым-қатынастың мәдениеті мен сапасын арттыруға бағытталған шараларды атап өтті.

Сонымен қатар жиналыс барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

  • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау;

  • әдептік құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары;

  • тұрғындарға сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;

  • қызмет барысында этикалық қағидаларды тұрақты сақтау.

Қатысушылар әдеп нормаларын сақтау арқылы қызметтің ашықтығын, тиімділігін және тұрғындар алдындағы сенімділікті арттырудың маңыздылығын талқылады. Жиналыс қорытындысында әдептік мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив