Cемей-26°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
506.7 593.14 6.53

Енді Семейде жасанды интеллект мамандары даярланады

20-01-2026, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы жоғары оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еңбек нарығының заманауи талаптарына сай жаңа мамандарды даярлау ісін бастады. Соның аясында Әлихан Бөкейхан университетінде «Жасанды интеллект инженериясы және блокчейн» білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Осыған орай бүгін оқу орнының Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті өңірдегі IT саласының кадрларына сұранысы бар мекемелер мен компания өкілдерінің қатысуымен таныстырылым жиынын өткізді. Шара барысында жаңа білім беру бағдарламасының мазмұны, болашақ мамандардың даярлық деңгейі және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында сапалы кадр даярлауды қамтамасыз ету, оқу бағдарламасына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан мамандардың біліктілігіне қатысты ұсыныстар айтылды.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив