Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
505.71 591.43 6.65

Абай облысының әкімдігі жедел шаралар қабылдауда

18-01-2026, 23:11 Думан Кенжеғазыұлы

Қатты аяз салдарынан Семей қаласының Беспаев көшесінде орналасқан жылу құбырында апаттық жағдай тіркелді.

Оқиға орын алған сәттен бастап Абай облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрылып, барлық тиісті қызметтер шұғыл жұмылдырылды. Салалық мәселелерге жауапты облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов пен Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев апат болған аумаққа барып, жағдайды тікелей бақылауына алды.

Қазіргі уақытта коммуналдық және авариялық қызметтер қолайсыз ауа райына қарамастан тәулік бойы жұмыс атқаруда. Жылу құбырындағы ақауды жою, жылумен қамтамасыз етуді толық қалпына келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Қосымша ақпарат алдағы уақытта хабарланатын болады.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив