Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қылмыстық-атқару жүйесінің 40-қа жуық қызметкері Семей қаласының орталық саябағы аумағына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді

13-04-2023, 12:30 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы қылмыстық атқару жүйесінің 21-ші мекемесінің жеке құрамы Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысымен жарияланған жалпықалалық сенбілікке өз үлестерін қосуға шықты.

40-қа жуық мекеме қызметкері сыпырғыш, тырма, қап, күректерін алып, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылатын Семей қаласының орталық саябағының аумағында тазалық орнатты.

Қызметкерлер былтырғы жапырақтар мен қыс бойы тротуарларға жиналған құмды тазалап, бұталардың жас өскіндерін кесіп, 85 қап қоқыс жинады.

21 мекеме қызметкерлері үшін жалпықалалық табиғатты қорғау шараларына қатысу бұрыннан жақсы дәстүрге айналған, сол арқылы олар өздері тұрып жатқан және жұмыс істейтін қаланың көркіне 5 жыл бойы ат салысып келеді.

 -Сенбілікке қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істеп, орталық саябақты көрікті ете түскен бірлескен жұмыстың нәтижесі көз қуантты. Қаламызды жақсы жағдайда ұстау, табиғатты аялау үшін осындай шараларға азаматтардың қатысуы қала үшін де, қатысушылардың өздері үшін де өте маңызды, осылай біз болашақ ұрпақтың денсаулығына үлес қосамыз,– деді мекеме басшысы А. Нұрбеков.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив