Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.35 590.63 6.62

Облыс әкімі Бесқарағай ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

Кеше, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылындағы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Аталған мекеме бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Бүгінде аудан бойынша 265 адам орталық қызметіне жүгінеді. Оның ішінде үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде 53 әлеуметтік қызметкер 250 адамға көмек көрсетеді. Олар – егде жастағы азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар және ерекше қажеттілігі бар балалар. Сонымен қатар күндіз ем қабылдау бөлімшесінде 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 15 балаға алты сағаттық режимде кешенді әлеуметтік қызметтер ұсынылады.

Орталықта бірқатар мәселелер бар. Мекеме типтік ғимараттың жоқтығына байланысты шектеулі жағдайда жұмыс істеп отыр. Күндіз ем қабылдау бөлімшесі орналасқан ғимараттың аумағы талапқа сай келмейді, бұл қосымша құрал-жабдық орнатуға, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени және педагогикалық қызметтердің толық көлемде көрсетілуіне мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ, спорт залы, асхана, акт залы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті жеткіліксіз, ал демалыс бөлмелерінің аумағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес емес. Материалдық-техникалық базаның бір бөлігі ескірген, ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделмеген. Орталықтың төрт бөлімшесінің әртүрлі ғимараттарда орналасуы да мекеменің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Бұдан бөлек ауданда жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж тағы 15 бала кезекте тұр. Сондықтан жаңа ғимарат салу қажеттігі туындап отыр.

Облыс әкімі әлеуметтік қызмет көрсету саласының маңызын атап өтіп, жаңа ғимарат мәселесінің назарға алынатынын айтты.

«Кешенді оңалтуға арналған типтік әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу туралы ұсыныс көптен бері айтылып келеді. Қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет толық әрі сапалы көрсетілуі тиіс. Сондықтан аудан әкімдігі мен жұмыспен қамту басқармасы бұл мәселені тиімді шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс беріңіздер. Өйткені, жаңа ғимарат Бесқарағай ғана емес, басқа аудандар үшін де өзекті мәселеге айналып отыр», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив