Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.35 590.63 6.62

Облыс әкімі Бесқарағай ауданындағы жол пайдалану учаскесінің жұмысымен танысты

Кеше, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли «Қазжолсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Абай облыстық филиалына қарасты №26 жол пайдалану учаскесінің жұмысымен танысты.

Бесқарағай ауданында орналасқан №26 жол пайдалану учаскесі «Омбы – Майқапшағай» автожолының 300 шақырымнан астам жол бөлігіне қызмет көрсетеді. Оннан астам техника бар. Мұнда 55 адам тұрақты түрде еңбек етеді. Олар жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы күтіп-ұстау, қар тазалау, инертті материалдар себу және көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету жұмыстарын атқарады.

Қазіргі таңда филиал балансында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға арналған арнайы техникалар жеткілікті. Қыс мезгіліне қажетті инертті материалдар, жанар-жағармай және қосалқы құралдар толық дайындалған. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Қауіпті учаскелерде алдын алу шаралары жүргізіліп, апаттық бригадалар мен арнайы техникалар жұмылдырылуға дайын.

Облыс әкімі республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіз әрі үнемі ашық, таза болуы тұрғындардың күнделікті өмірі мен өңір экономикасы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жолдарды күтіп-ұстау сапасын тұрақты бақылауды тапсырды.

Қазіргі таңда Абай облысы аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 176 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсету 7 жол пайдалану учаскесі және 7 жол пайдалану пункті арқылы жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив