Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

19-04-2023, 13:14 Думан Кенжеғазыұлы

18 сәуір күні қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетовтың қатысуымен қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында Семей өңірінің орманды дала алқаптарын өрттен сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғимараттар мен құрылыстардың қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындығы, сондай-ақ шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті қызметтерге қала аумағында қамыс шабуды ұйымдастыру, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін улы газ датчиктерін сатып алумауын қамтамасыз ету, су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту, қалалық жағажайларды ұйымдастыру және демалыс кезінде балалардың қауіпсіз демалуы бойынша тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив