Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.9 603.32 6.61

Астанада халықаралық сарапшылар Қазақстандағы лайықты еңбекті ілгерілету мәселелерін талқылауда

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі – ХЕҰ) ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасында лайықты еңбекті ілгерілетуге бағытталған Жол картасының іске асырылу барысы талқыланды.

Іс-шараға БҰҰ, ХЕҰ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы және «Paryz» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері қатысуда.

Мейрамбек Ахметов өзінің құттықтау сөзінде ХЕҰ-мен 30 жылдан астам ынтымақтастық барысында Қазақстан еңбек қауіпсіздігі, мүмкіндіктер теңдігі, жастарды жұмыспен қамту, Лайықты еңбек тұжырымдамасын ілгерілету мәселелеріне қатысты 26 негізгі конвенцияны ратификациялағанын атап өтті.

«2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо келіп, жүргізіліп жатқан реформаларымыздың орнықтылығы мен жүйелілігін жоғары бағалады», – деді Ахметов.

Ол сондай-ақ ХЕҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі Жол картасы аясындағы ағымдағы жұмыстар туралы айтты. Аталған құжат бес негізгі бағытты қамтиды: еңбек қауіпсіздігі және еңбек инспекциясы арқылы жұмыс орындарында нормалардың сақталуын қамтамасыз ету; әлеуметтік диалог, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктер бостандығы; ең төменгі жалақы; әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау; еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуді жою.

Бұл бағыттар бойынша бірлескен жұмыс консультациялар жүргізуді, салыстырмалы талдаулар жасауды, ұсынымдар әзірлеуді және тиісті заңнамалық актілер қабылдауды қамтиды.

«Біз ХЕҰ-ның жаһандық деңгейде еңбек стандарттарын арттыруға және барлық адам үшін лайықты еңбекке қол жеткізу жолында мүше мемлекеттерді қолдауға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – деп мәлімдеді Мейрамбек Ахметов.

Екі күнге созылатын іс-шара барысында халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанның қолданыстағы институционалдық құрылымын; әлеуметтік диалог пен ұжымдық келіссөздер жөніндегі ХЕҰ-ның негізгі қағидаттарын; еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу мүмкіндіктерін; кәсіподақтардың бірлесу бостандығы және жұмыс берушілер ұйымдарының репрезентативтілік өлшемшарттарын айқындау мәселелерін; әлеуметтік әріптестік туралы заң жобасын және ұжымдық дауларды ұлттық деңгейде шешу жүйесін әзірлеудің басым бағыттарын талқылайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив