Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚТЖ-да 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында көмір тасымалдау қорытындысы шығарылды

25-04-2023, 14:02 Думан Кенжеғазыұлы

Теміржолшылар 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында (2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы 20 сәуірге дейін) Қазақстан бойынша 72 млн тоннаға жуық тас көмір тасымалдады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылыту кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға өсті. ҚТЖ желісі бойынша тұрғындар үшін 9,4 млн тонна қатты отын жеткізілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық. Еліміздің жылу электр орталықтарына 62,4 млн тоннасы жеткізілді. Ең жоғары кезеңде (қыркүйектен желтоқсанға дейін) көмір кен орындарымен қатты отын тиеу 40%: ай сайын 5 млн-нан 7 млн тоннаға дейін артады.  

Жылыту маусымы басталғаннан бері ҚТЖ мен ҚР ИИДМ-де стратегиялық жүктерді тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штабтар, ҚТЖ-да жұмыс тобы тәулік бойы жұмыс істейді. Топ Қазақстанның барлық облыстарына разрездерден көмірді тиеп-жөнелтудің тәуліктік мониторингін жүргізеді, бос вагондардың разрезге берілуін болжайды, әрбір станциялардағы көмір тұйықтарында жүк түсірудің жеткізілудің барысын бақылайды.

Қатты отынды тасымалдау үшін "Қазтеміртранс" АҚ паркінің 17 мыңнан астам жартылай вагоны жұмылдырылған, оның ішінде 8,7 мыңнан астамы жылу электр орталықтары үшін, ал 8,6 мыңнан астамы тұрғындар үшін көмір жеткізеді.

Теміржолшылар 2023-2024 жылдардағы жылу маусымына белсенді дайындалуға шақырады. Біпкелкі тиеуді қамтамасыз ету үшін өңірлерге коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеудің егжей-тегжейлі жоспарын және ЖЭО қажеттілігі үшін тасымалдау жоспарын алдын ала пысықтау қажет. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив