Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің бас имамымен кездесті

18-02-2026, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Рамазан айының қарсаңында облыстың бас имамы Асқар қажы Әбітайұлымен кездесті.

Кездесу барысында Асқар қажы Әбітайұлы облыстағы жалпы діни ахуал, мешіттердің жай-күйі туралы баяндады. Сондай-ақ, келе жатқан Рамазан айына байланысты облыс мешіттерінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесуде Семейдегі Абай Құнанбайұлы атындағы мешіттің сыртқы жөндеу жұмыстары туралы да айтылды.

Облыс әкімі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті ай Рамазан айының келуімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Қуанышбек

Аллаһ Тағала разы болсын бас имамға және облыс әкіміне!

Ответить 18 Ақпан 2026 17:48