Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Аудандық Мәдениет үйінде Конституциялық реформаны талқылауға арналған «Жастар рухы» жастар қанатының отырысы өтті

21-02-2026, 12:17 018.kz

21 ақпан күні Бородулиха аудандық Мәдениет үйінде Конституциялық реформаны талқылауға арналған «Жастар рухы» жастар қанатының отырысы өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен мазмұны түсіндірілді. Жастарға тікелей қатысты мәселелерге, атап айтқанда білім беру саласындағы реформаларға, әлеуметтік жауапкершілікке және азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Баяндама жасаған Абай облысы Бородулиха ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Станислав Полыгалов Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына және олардың қоғамның одан әрі дамуы үшін маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Отырысқа аудан жастарының өкілдері қатысты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив