Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

Семейде 15 наурыздағы республикалық референдумға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін рәсімдеуге болады

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Дауыс беру күні тұрақты тіркелген жерінде болмайтын азаматтар есептен шығару куәлігі болған жағдайда тұрған жеріндегі кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясысының 2009 жылғы 8 сәуірдегі №161/306 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Құжатта дауыс беруге құқық беретін куәліктерді беру мен есепке алу қағидалары бекітілген.

Белгіленген талаптарға сәйкес, облыстық комиссиялар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астана комиссиялары есептен шығару куәліктерінің қажетті санын айқындайды. Олардың саны сайлаушылардың жалпы санының бір пайызынан аспауы тиіс. Әр куәлік бес таңбалы серия нөмірімен беріледі және комиссия төрағасы мен хатшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылады.

Семей қаласының тұрғындары басқа қалада немесе елді мекенде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алдын ала рәсімдей алады. Құжаттарды беру 27 ақпанда басталып, 14 наурыз күні сағат 18:00-де аяқталады.

Есептен шығару куәлігі сайлаушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландыру талап етілмейді) жазбаша өтініш негізінде беріледі. Өтініш сайлаушылар тізіміне қоса тіркеліп, азаматты тұрақты тіркелген жеріндегі тізімнен алып тастауға негіз болады. Куәлік берілген кезде сайлаушылар тізімінде құжаттың серия нөмірі, берілген күні және комиссия мүшесінің қолы көрсетіліп, тиісті белгі қойылады.

Куәлікті толтыру сайлаушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде учаскелік комиссия төрағасы не мүшесі арқылы жүзеге асырылады.

Дауыс беру күні азамат жеке басын куәландыратын құжатпен бірге есептен шығару куәлігін көрсетуі тиіс. Осыдан кейін ол тұрған жеріндегі сайлаушылар тізіміне енгізіліп, бюллетень алады. Куәлік бір рет қана пайдаланылады және дауыс бергеннен кейін учаскеде қалады. Құжат жоғалған жағдайда қайта берілмейді.

Маңызды: бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру қарастырылмаған. Құжат тек тұрақты тіркелген жері бойынша комиссиядан беріледі.

Пайдаланылмаған есептен шығару куәліктері 14 наурыз күні сағат 18:00-ден кейін учаскелік комиссиялар тарапынан жойылады. Дауыс беру қорытындылары шығарылған соң тиісті актілер жоғары тұрған сайлау комиссиясына тапсырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив