Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Абай облысында дауыстарды санау жүргізілуде

16-03-2026, 00:00 018.kz

Бірқатар сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталып, тиісті хаттамаларға қол қойылды.

Мәселен, Бесқарағай ауданының Долон ауылындағы №270 сайлау учаскесінде 243 адам дауыс берсе, олардың 205-і жаңа Конституция жобасын қолдады.

Бесқарағай ауданының Белокаменка ауылында орналасқан №268 учаскеде референдумға келген 158 азаматтың 138-і жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді.

Семей қаласындағы №55 сайлау учаскесінде 1206 азамат дауыс беріп, олардың 1037-сі жаңа Конституцияны қолдады.

Көкпекті ауданының Ажа ауылындағы №379 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны аз – барлығы 119 адам. Оның ішінде 92 тұрғын жаңа Конституцияны қолдап дауыс берсе, 21 адам қарсы дауыс берген.

Қалған сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив