Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.59 536.22 5.96

Семей қаласының ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

26-03-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Конкурстық рәсімдердің нәтижесіне сәйкес, қала әкімінің өкімімен Дүйсембаев Дархан Бердібекұлы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Дархан Бердібекұлы 1988 жылғы 29 қарашада Көкпекті ауданы Егінбұлақ ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2019 жылы Әлихан Бөкейхан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Әр жылдары Дархан Бердібекұлы Көкпекті ауданы Ұзынбұлақ орта мектебінің мұғалімі, Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы, Көкпекті аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінің тілшісі, Көкпекті аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газеті бас редакторының орынбасары, Көкпекті аудандық Жастар орталығының директоры, Көкпекті аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінің директор - бас редакторы, Көкпекті аудандық «Ұлттық спорт ойындары орталығы» директорының орынбасары, Көкпекті аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінің директор - бас редакторы болып жұмыс істеген. 

Тағайындауға дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив