Семейлік оқушылар әскери бөлімге саяхат жасады
Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөлімі «Бабалар ізімен» науқаны аясында Семей қаласындағы мектеп оқушыларына арналған «ашық есік» күнін ұйымдастырды. Шараға шаһардағы «Жасұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілерімен қатар №7 және 44 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Танымы мен тағылымы мол кеште білім алушыларға әскери техникалар мен заманауи қару-жарақ түрлері таныстырылды.
Оқушылар сондай-ақ казарма ішіне бас сұғып сонымен қатар асханадағы ас мәзірімен де танысып көрді. Шараға соңында жас толқын әскери өмірге деген қызығушылықтарымен бөлісті. Әскери бөлім де елжанды жас ұрпақтардың рухын көтеруде Отан қорғау саласының маңызы зор екендігіне тоқталды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі