Абай ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Бүгін Абай ауданының орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шара ауданның ауылшаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі мен ауылдық округ әкімдіктерінің бірлесуімен өткізілді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – азық-түлік бағасын тұрақтандыру және тұрғындарды қолжетімді, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Осы бағытта мұндай шаралар аудан көлемінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Жәрмеңке барысында тұрғындар сиыр етін 3000 теңгеден, тауық жұмыртқасын 55 теңгеден сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Бородулиха ауданының табиғи балы, сүт өнімдері, тауық еті және шұжық өнімдері ұсынылды.
Жалпы жәрмеңкеде ұсынылған өнім көлемі:
- сиыр еті – 150 кг
- сары май – 35 кг
- сүт өнімдері (құрт, ірімшік, қатық) – 215 кг
- тауық еті – 200 кг
- тауық жұмыртқасы – 5400 дана
- шұжық өнімдері – 300 кг
- бал – 200 кг
- көкөніс өнімдері (картоп, сәбіз, қырыққабат) – 2 тонна 530 кг
- жеміс ағаштарының көшеттері (алма, өрік, алмұрт) – 280 түп
Бұдан бөлек, жәрмеңкеде жеке тұрғын үйлерге арналған қоқыс контейнерлері мен тұрмысқа қажетті өзге де тауарлар сатылды.
Аталған жәрмеңке тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, әлеуметтік маңызы бар өнімдерді тиімді бағамен алуға мүмкіндік берді.










