2023 жылдың I тоқсанында жүкті әйелдердің бірде бір өлімі тіркелген жоқ
Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласы кезең-кезеңімен жақсарып келе жатқанын және сапалы медициналық көмек көрсету бірінші орынға қойылатынын атап өтті.
Сапалы медициналық көмек көрсету көрсеткіштерін жақсарту мақсатында облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына мониторинг жүргізілді, бірқатар жұмыстар жүргізілді:
- аудандық ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда күрделі жөндеу жүргізілді;
- облыстық перинаталдық орталықта балаларды динамикалық бақылау және оңалту үшін катамнез орталығы ашылды;
- балалар МРТ аппараты сатып алынды (магнитті-резонанстық томография);
- «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» жаңа ғимаратқа көшірілді;
- облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуге арналған жабдық сатып алынды.