Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

21-04-2026, 19:30 018.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.

Мониторингтің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу болып табылады.

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті Департаменттің мамандары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.

Мониторинг жүргізу тәртібі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 29.05.2023ж. №121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі.

Департамент қызметшілері тұрақты түрде мемлекеттік органдарда жоспарлы және жоспардан тыс жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингтер жүргізуде.

Мәселен, 2026 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік органдарға бару арқылы Департамент қызметшілерімен 12 мониторинг жүргізіліп, мониторингпен 17 мемлекеттік орган қамтылды.

Өткізілген Мониторинг нәтижелерімен жекелеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс берушінің актісінсіз үстеме жұмыс жасау фактілері анықталды.

Бұл анықталған фактілер бойынша Департаментпен құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылданып, нәтижелері бойынша 44 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды. Атап айтқанда, 29 қызметшіге жасаған үстеме жұмыстары үшін 84 сағат көлемінде тынығу уақыты берілсе,
15 қызметшіге өтемақы төленіп берілген.

Атап өту қажет, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабының талаптарына сәйкес, жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мысалы, бұндай әкімшілік құқық бұзушылық әрекет бірінші рет жасалған болса ескерту беруге, ал әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, лауазымды адамдарға әкімшілік айыппұл салуға әкеліп соғатындығы көзделген.

Айтылғандардың негізінде барлық мекеме басшыларын және мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, заңсыздықтарға жол бермеуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив