Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.91 544.63 6.26

Көлеңкелі экономикамен күрес – заң үстемдігінің кепілі

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі, экономикалық тергеу қызметінің капитаны Бибарыс Рысбек мәлімдеді.

Маманның айтуынша, облыс аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру, тасымалдау және сату фактілері анықталған. Жалпы көлемі 6000 литрден асатын заңсыз алкоголь өнімдері мен 10 000 литрден астам спирттік өнімдердің заңсыз айналымы әшкереленді. Аталған деректер бойынша өндіріс орны ретінде пайдаланылған үй-жайлар мен тасымалдау құралдарына тыйым салынып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сонымен қатар, электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейп өнімдерін заңсыз тасымалдау және сату деректері де тіркелген. Тергеу нәтижесінде құқықбұзушылық жасаған тұлғалар жауапкершілікке тартылып, сот үкіміне сәйкес заңсыз өнімдер толықтай жойылған.

Бұдан бөлек, акцизделмеген темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау және өткізу фактілері анықталып, қазіргі таңда бұл бағыттағы тергеу амалдары жалғасуда.

Департамент тарапынан мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына да ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген 250 миллион теңге көлеміндегі несие қаражатын мақсатсыз пайдаланған тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергелген. Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтеліп, іс сотқа жолданған.

Мамандардың айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес – өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты болып қала береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив