Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Балалар жарақатының алдын алу: елде ауқымды акция өтті

28-05-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Жазғы демалыс қарсаңында ел аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Абайлаңыз - балалар!" республикалық акциясы өтті. 

- Құрметті азаматтар! Жазғы демалыс қарсаңында елімізде 18-25 мамыр аралығында балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу және балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Абайлаңыз - балалар!" республикалық акциясы өткізілді.

Аталған акцияға екі мыңнан астам ұйым мен мекеме, оның ішінде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмылдырылды.

Балаларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Көліктік бақылау органдарымен бірлесіп, үш мыңнан астам мектеп автобусы тексерілді. Тексеру нәтижесінде 400-ге жуық техникалық ақауы бар көлік құралы анықталып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 200-ден астам нұсқама берілді.

Сондай-ақ жас жол инспекторларымен бірлесіп, жолда жүру қағидаларын насихаттауға бағытталған мыңға жуық профилактикалық және үгіт-насихат іс-шаралары өткізілді.

Полиция ата-аналарды, жүргізушілерді және барлық жол жүрісіне қатысушыларды жазғы демалыс кезеңінде барынша мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі - әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Балаларды қорғап, жолда жүру қағидаларын сақтайық! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив